Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ежелгі өнер және Ұлы дала технологиялары мұражайы" арнайы жобасын іске асыру шеңберінде облыстық музейлердің "Шежіре - ел байлығы" онлайн – фестиваліне қатысты.
Фестивальдің қазылар алқасына бейнеэкскурсия ұсынған бес музейдің ішінде Лисаков мұражайы дипломмен және арнайы сыйлықпен марапатталды – 50 мың теңге.
Фестиваль ұйымдастырушылары - "Қостанай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ, " Бос уақыт орталығы " МКҚК (Қостанай облысы, Тобыл қаласы). Қазылар алқасының құрамына Қостанай облыстық тарихи - өлкетану мұражайының қызметкерлері кірді.
Лисаков музейінің бейнеэкскурсы қазақ этнографиясының коллекциясындағы заттар – қолдан жасалған жүз жылдық домбыра, Көкшетау уезінің болыс басқарушысы Ақыш Зилгардың қызы оның иесі болған зергерлік әшекей, Наурызбаевтар отбасына қызмет еткен XIX ғасырдағы мыс шәйнек, сондай – ақ үкі қауырсындары бар Қыз бас киімдер туралы айтып берді. Бейнеэкскурсияны мұражайдың ғылыми қызметкері Д.И. Лизунова дайындады.
Онлайн-фестиваль Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін сақтау, музейлердің мәдениет нысаны ретіндегі тартымдылығын арттыру, ұлттық мәдениет құндылықтарына қол жеткізуді кеңейту мақсатында өткізілді.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/974-shezhire-el-bajly-y-m-razhajlaryny-oblysty-onlajn-festivali.html#sigFreeIde786ffd199